Текст
2025 жылғы 28 сәуірде "Біртұтас тәрбие" бірыңғай тәрбие бағдарламасы және "Менің Қазақстаным" апталық іс-шаралары шеңберінде жалпы мектептік жиынның басында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын және Отан қорғаушылар күнін мерекелеу қарсаңында тақырыптық жиын өткізілді. Мақсаты: оқушыларды патриотизм, азаматтық рухында тәрбиелеу; Жасөспірімдердің назарын туған тарихына, өз халқының тағдырына аудару; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет ету үшін қажетті қасиеттерді қалыптастыру.