Текст
Іс-шаралар аясында 15 мамыр-Халықаралық Отбасы күніне орай Ата-аналармен бірлесіп шағын орталықта спорттық жарыстар өткізілді. Мақсаты: ата-аналар мен балаларда мейірімді атмосфера, көңілді, спорттық көңіл-күй қалыптастыру. Балаларда ата-аналарға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін, өз отбасына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу; балаларда бір-бірін жақсы көретін және бір-біріне қамқорлық жасайтын адамдар ретінде отбасы туралы түсінік қалыптастыру.