13.11.2025
"Адал азамат" Бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында (құндылығы - Тәуелсіздік және патриотизм) 8-сыныпта "15 қараша-Ұлттық валюта күні" сынып сағаты өткізілді (мақсаты-Оқушыларды Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің тарихымен және мәнімен таныстыру, қаржылық сауаттылық пен туған елдің тарихына қызығушылықты дамыту). Сабақта оқушылар теңгенің пайда болу тарихымен танысып, "теңге тарихы" бейнеролигін көріп, ұлттық валютаның рөлін анықтады. Ақша тек қағаз бен монеталар емес, бұл біздің еліміздің, оның тәуелсіздігінің символы деген қорытындыға келді.
Қауіпсіздік сабағы "қауіпті селфи" тақырыбына арналды (мақсаты - қазіргі заманғы "селфи" хоббиіне барабар баға беру және қауіпті жағдайлардан аулақ болу мүмкіндігі). Оқушылар қауіпті селфилердің не екенін және олардың неге танымал болып жатқанын анықтап, селфи түсіру кезінде қауіпті жағдайлардың мысалдарын қарастырып, қауіпсіз түсірілім бойынша кеңестері бар жадынамалар алды. Біз керемет кадр үшін өмірге қауіп төндірмеу керек деген қорытындыға келдік.
Сынып жетекшісі-Джудро Т.К.