Текст
14.11.2025
"Адал азамат" Бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында, құндылығы - "Тәуелсіздік және патриотизм", мектептің өзін-өзі басқару көшбасшылары ҚР Ұлттық валюта күніне арналған "Теңге-тәуелсіздік символы" ақпараттық стендін дайындады. Мақсаты: - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы туралы мәлімет беру;
- оның пайда болу тарихымен таныстыру, ел экономикасындағы және әр адамның өміріндегі теңгенің рөлі мен маңызын анықтау;
- отансүйгіштікке, азаматтыққа, елдің экономикалық тәуелсіздігі үшін мақтанышқа тәрбиелеу.