17.11.2025
"Адал азамат" Бірыңғай тәрбие бағдарламасы, "ДОСБОЛЛИКЕ" білім беру ұйымында білім алушыларды қорлау/буллинг пррииоактикасы бағдарламасы және " буллингке жоқ деп айтайық!"Бала құқықтары туралы конвенцияға" орайластырылған іс-шараларда мектеп оқушылары "қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"тақырыбында суреттер көрмесін дайындады.
Көрменің мақсаттары мен міндеттері:
ересектер тарапынан балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне қоғамның назарын аудару;
балалар арасында толеранттылықты дамыту, ата-аналарға құрмет көрсету, балаларға өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыруға мүмкіндік беру;
азаматтардың құқықтық санасын,ата-аналардың балаларының психикалық денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыру.
Үздік суреттер аудандық байқауға қатысу үшін жіберілді.