01.12.2025
"Адал азамат" Бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында "Менің" апталық іс-шаралары,
Қазақстан " жалпы мектеп жиынының басында ҚР Мемлекеттік Әнұранын орындады, "Қамқор" жобасы аясында 5 желтоқсан-Халықаралық волонтерлер күні орайластырылған тақырыптық жиын өткізілді.
Мақсаты: мектеп оқушылары арасында еріктілікті насихаттау, еріктілердің кім екендігі және олар не істейтіні туралы әңгімелеу, сонымен қатар оқушыларды ерікті қызметке қатысуға ынталандыру. Бұл оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын, көшбасшылық қасиеттерін және өзін-өзі жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ басқаларға риясыз көмектесуге деген ұмтылысты ынталандырады. Жалпы мектептік жиында 2025 жылғы волонтерлік жұмыстың қорытындысы шығарылды, оқушылар мен педагогтар грамоталармен марапатталды, сондай-ақ аудандық акциялардың қорытындысы бойынша біздің мектеп барлық волонтерлік іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін кезекті грамотамен марапатталды.