02.12.2025
"Адал Азамат" Бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында құндылық-бірлік және ынтымақтастық, 2.12.25 ж. "География, Биология және химия апталығы" іс-шаралар жоспары бойынша 9-сыныпта "Қазақстанның ішкі суларының түрлері"тақырыбы бойынша ашық география сабағы өткізілді
Оқу мақсаттары: 9.3.3.1 Қазақстанның ішкі суларын: өзендер мен көлдерді, мұздықтар мен мәңгі мұзды, жер асты суларын жіктейді, көрсеткіштерін талдайды және сипаттайды.
Сабақ позитивті психологиялық көңіл-күйден басталды, бұдан әрі балалар контурлық карталардағы тапсырманы орындай отырып, Қазақстанның өзендері мен көлдерінің номенклатурасы туралы өз білімдерін көрсетті.
Сабақтың негізгі кезеңінде тоғызыншы сынып оқушылары топтарда жұмыс істеді (топтарға бөлу https://randomus.ru/split) жасанды интеллект арқылы мұздықтар мен жер асты сулары туралы мәтіндер құра отырып, алынған ақпаратты оқулық мәтінімен салыстырып, кластер құрады.
Содан кейін оқушылар гидролог рөлінде болып, Қазақстанның су айдынын оның сипаттамасы бойынша анықтады. Әрі қарай балалар ішкі суларды жіктеу бойынша тест сұрақтары бар тапсырманы орындады, статистикалық деректерді талдай отырып, тапсырмаларды шешті, Қазақстан өзендерінің біріне сипаттама берді және мұғалім ұсынған дескриптор бойынша бір-бірінің жұмысын тексерді.
Сабақтың соңғы кезеңінде олар қосымшамен жұмыс жасады https://earth.google.com/web, Қазақстан мұздықтарына саяхат жасап, минералды су көздеріне барып.
География пәнінің мұғалімі: Петрущак А. С.