14.05.2026
“Адал азамат” тәрбиелік бағдарлама аясында “Бірлік пен Ынтымақ” аясында мектеп ішіндегі жоспарға сай 5 сынып оқушылары өздерінің бос уақыттарында қандай жұмыстармен айналысатындарын көрсетті «Отбасылық шығармашылық фестивалі» атты тақырыпта өздерінің қол өңірлерін көрсетті.
Отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы шығармашылық байланысты нығайту, өнерге деген қызығушылықты арттыру және бірлескен жұмыстар арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
«Отбасылық шығармашылық фестивалі» – ата-аналар мен балалардың өнері мен талантын біріктіретін ерекше шара. Фестиваль барысында қатысушылар қолөнер, сурет, ән, би, көркем оқу және түрлі шығармашылық жұмыстарын ұсынады. Бұл іс-шара отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сыйластығын арттырып, ортақ қызығушылық арқылы жақындасуына мүмкіндік береді. Әр отбасының өнері мен шеберлігі көрініс тауып, қатысушылар көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер алады. Сынып жетекшісі: Дюсекеева Г.К.