Текст
18.05.2026
"Сары-Оба станциясының 1-ОМ" КММ әкімшілігі біздің мектепке көрсеткен демеушілік көмегі үшін Алтынбек Әлібекұлы Тоқбаевқа шын жүректен алғысын білдіреді. 👏 👏 👏 Сіздің назарыңыз, қолдауыңыз және бей-жай қарамауыңыз білім беру үдерісін дамытуға және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу үшін қолайлы жағдайлар жасауға елеулі үлес қосады. Сіздің көмегіңіздің арқасында мектеп материалдық - техникалық базаны жақсартуға, мектеп бастамаларын қолдауға және оқушылар мен тәрбиешілер үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік алады. Сізге зор денсаулық, амандық, сіздің қызметіңізде табыс және одан әрі жетістіктер тілейміз. Сіздің мейірімділігіңіз бен жомарттығыңыз сізге бірнеше рет оралсын!
Құрметпен, мектеп әкімшілігі.