25.05.2026
“Адал азамат” тәрбиелік бағдарлама аясында “Бірлік пен Ынтымақ” айында соңғы қоңырау тақырыбы “Заң мен Тәртіп” тақырыбында 5 сынып үшін сынып сағаты өтті. Оқушыларға заң мен тәртіптің қоғамдағы маңызын түсіндіру, құқықтық сауаттылықтарын арттыру, жауапкершілікке, әдептілікке және тәртіп сақтауға тәрбиелеу.
Заң — қоғамдағы адамдардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін ереже. Әрбір азамат заңды құрметтеп, тәртіп сақтауы қажет. Тәртіп бар жерде — тыныштық, қауіпсіздік және бірлік болады.
Біздің елімізде әр адамның білім алуға, демалуға, ойын еркін айтуға құқығы бар. Сонымен қатар әр азаматтың өз міндеттері де болады. Мақсаты: Үлкендерді сыйлау, мектеп ережесін сақтау, қоғамдық орындарда мәдениетті болу, өзгелердің құқығын бұзбау.
Оқушылар үшін тәртіп сақтау өте маңызды. Сабаққа кешікпеу, мектеп формасын сақтау, мұғалімдерді тыңдау, сыныпта достық қарым-қатынаста болу — тәртіптің белгісі.
Заңды білу — болашақта қателік жасамауға көмектеседі. Тәртіпті, білімді, мәдениетті ұрпақ — еліміздің болашағы.
Қорытындылай келе, заңды құрметтеп, тәртіпті сақтайтын азамат болайық. Себебі еліміздің дамуы мен тыныштығы әрқайсымызға байланысты.
Қорытынды:
«Тәртіп — тәрбие бастауы» демекші, әрқашан әдепті, жауапты әрі заңды құрметтейтін азамат болайық!
Сынып жетекшісі: Дюсекеева Г.К.